Іскерлік ақпарат. Алматыда инвестиция тартуға арналған стратегия әзірленді

Алматыда инвестиция тартуға арналған негізгі 4 бағытты қамтитын стратегия әзірленді. Жыл басынан бері Алматы қаласына құйылған қаржы 13% артып 400 млрд теңгеге жетті. Зерттеу нәтижесінде туризм, сауда және азық-түлік өндірісі сынды инвестициялық тұрғыда тартымды үш сала анықталды.