Экономика. Шетелдік валютада депозит ұстау мөлшерлемесі тағы да өзгерді
Қазақстанда шетелдік валютада депозит ұстау мөлшерлемесі тағы да өзгертіліп жатыр. Пайыз желтоқсанның бірінен бастап өзгертіледі. Бұл туралы қарашаның басында таратылған депозиттерді кепілдендіру Қазақстандық қорының баспаөз баянында жазылған. Құжатқа сәйкес валютадағы салымдар жарты пайыздық пункке кемиді.