Экономика. Қазақстан-Өзбекстан экономикалық ынтымақтастығы
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық артып келеді. 2017 жылы тауар айналымы болжам бойынша 2 миллиард долларды құрайтын болса, 2020 жылы оны 5 миллиард АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Осы жылдың сегіз айының өзінде, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 35% артқан. Бұл деңгейге өнімді тасымалдау көлемін арттырудың арқасында қол жеткізілген.