Отандық медицина. Бедеулік

Қазақстан репродуктивті медицина ассоциациясының мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің репродуктивті жастағы тұрғындарының 15 пайызында бедеуліктің түрлі формалары анықталған. Ал ерлер арасындағы белсіздік оның 48-50 пайызын құраған. Жалпы қазіргі таңда бедеулік мәселесі 1 млн қазақстандықты қамтып отыр.