Экономика. Жаңа Салық кодексі
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, Қазақстанда осымен төртінші рет жаңа Салық кодексі қабылданғалы отыр. Алғашқы құжат 1995 жылы қабылданған болатын. Одан кейін, 2001 жылы Салық кодексінің мәтініне өзгеріс енгізіліп, 2009 жылы басқа құжат ретінде қайта күшіне енді. Салық жүйесі күні бүгінге дейін осы құжат аясында жұмыс істеп келді. Іс жүзіндегі құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мемлекет басшысы өзі ұсынып, құжатты барынша жеңілдетуді талап етті.