Экономика мәселелері. Апатты аймақтың экономикалық дамуы - Арал теңізі

Биыл Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылғанына 25 жыл. Нақ осы қордың Қазақстандағы бөлімінің шешімімен 26 наурыз «Аралды құтқару күні» деп белгіленді. Алайда Аралды құтқару енді кеш емес пе? Теңіздің проблемасы басқа қандай экологиялық мәселені қозғап отыр? Осы экологиялық апат оңтүстік аймақта қандай экономикалық проблемаларды тудыруда? Осы сауалдарға біз бүгінгі бағдарламамызда жауап іздейтін боламыз.