Отандық медицина. Тісжегі

Тісжегі - стоматологиядағы ең кең тараған сырқат түрі. Бұл ауруға ертелі-кеш әрбір адам душар болады. Ол - тістің қатты тінінде пайда болып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен баяу дамитын, күрделі патологиялық процесс. Кейбіреулер тісжегі дұрыс тамақтанбағанның және тәттіні көп жегеннің салдарынан пайда болады деп есептейді. Дегенмен мұны тұқым қуалайтын ауру десек те артық айтқандық емес. Тістің тісжегіге шалдықпауы эмальдің, яғни кіреукенің құрылысына, адамның өмір сүру салтына, ағзаның жалпы жағдайына байланысты. Қазақстан халқының 75%-ы тісжегіге шалдыққан. Ал пародонта ауруы 73%-ды құрайды. Стоматологиялық аурулар, әсіресе, балалар, жасөспірімдер, егде жастағы адамдар, ауыл тұрғындары арасында кең тараған.

Сондай-ақ...