Білім. Гаджеттердің зияны
Біз жаңа технологиялар заманында өмір сүріп жатырмыз. Оларды кім және қашан жасап үлгеріп жатқаны белгісіз. Бірақ, құралдар күнделікті жаңарып отыр. Ол кей тұстарда адам қызметін атқаратын роботтар болсын, келбеті мүлдем ештеңеге ұқсамас спорткарлар мен көліктер болсын. Тек бәрінен озып тұрған гаджеттер шығар. Күнделікті қолданысымыздағы телефондар, ноутбуктер мен планшеттер, иә заманның ағымына ілескеніміз дұрыс. Бірақ, тым көп пайдаланып жатырмыз деп ойламайсыздар ма?