Іскерлік ақпарат. Шанхай қор биржасында қазақстандық компаниялар таныстырылды

Шанxай қор биржасында «Самұрық Қазына» инвесторларының күні өтті. Аталған шара жекешелендіру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Естеріңізге салайық, бұл науқанды жүзеге асыра отырып қор құрамындағы 215 активті бәсекеге қабілетті ортаға беру көзделген болатын. Энергетика, көлік пен логистика, тау-кен және мұнай-химия салаларындағы компаниялар өкілдері қытайлық кәсіпкерлерге Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін, бәсекелестік артықшылықтарын, өңірлік және жаһандық нарықтың шарттарын кеңінен баяндады.

Сондай-ақ...