Іскерлік ақпарат. «Fitch Ratings» Қазақстанның «BBB» деңгейіндегі рейтингін растады

«Fitch Ratings» xалықаралық агенттігі Қазақстанның эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін шетел валютасында «BBB» деңгейіндегі тұрақты деген болжамын растады. Сарапшылардың пікірінше, бұл қомақты жинақтар мен елдің таза шетелдік активтерімен нақтыланатын мемлекеттік және сыртқы баланстардың мықты екенін аңғартады. Ішкі жалпы өнім өсімі өткен жылы 4% құрады. Бұл Қашаған кен орнындағы өндірістің жандануымен Қазақстандағы мұнай өндірісінің артуы есебінен болып отыр.

 

Сондай-ақ...