Іскерлік ақпарат. 2020 жылға дейін елімізде бірқалыпты экономикалық өсім болады

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі 2020 жылға дейін Қазақстанда бірқалыпты экономикалық өсім болады деп болжайды. Бұл инфроқұрылымды дамытуға негізделген үкімет бағдарламалары мен Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісінің артуымен байланысты. Сарапшылардың айтуынша, рейтинг инвестициялық санат бойынша жоғары деңгейде. Бұл дефолт қауіпін азайтады. Рейтингтің деңгейі алдағы бірнеше жылға болжанған экономика қарқынына негізделеді. Көрсеткіш 3% кем болмауы тиіс. Агенттік сарапшыларының пайымынша, икемді валюталық бағам құру бағытында илгерлеу болады.