Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Солтүстік Корея ядролық сынақтардан бас тартты

Солтүстік Корея ядролық сынақтарды тоқтатып, сынақ полигондарын жабады. Оңтүстік Корея мен Құрама Штаттар өкілдерінің жоғары деңгейдегі кездесуі қарсаңында КХДР мемлекеттік БАҚ-тары осы өзгерістер туралы жарыса жазып жатыр. Вашингтон Посттың мәліметінше, ядролық қаруды жетілдіруді тоқтатқан мемлекет экономикалық өсімді күшейтіп, бейбітшілікті сақтап қалуға күш салмақ.