Қаржы. Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің хал-ахуалы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі қаржы институттарының жұмысын сынға алды. Банктер 2008 жылы жаһандық қаржылық дағдарыстың қыспағына түскен сәттен бері Ұлттық қордан 3 триллион теңгеге дейін көмек алған. Алайда, ақшаның әлі күнге дейін қайтарымы жоқ. Экономиканы несиелендіру үшін әр банк тәуекелге дайын болуы шарт. Елімізде бұл көрсеткіш өте төмен. Қаржы құрылымдары экономиканың нақты секторына мойын бұрғысы жоқ. Сондықтан Президент биылдан бастап көрсеткіштері өте нашар банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ...