Отандық медицина. Геронтология (қартаю)

Біріккен Ұлттар ұйымының сарапшылары шешімімен Қазақстан қартаю қарқыны жылдам жүріп жатқан елдер қатарына енгізілген. 2050 жылға арналған болжам бойынша Қазақстанда егде жастағы адамдардың үлесі 2,5 есеге немесе 25 пайызға артпақ. Сондықтан қартаюға қатысты аспектілер елдің геронтолог ғалымдарының қызу талқысына түскен. 2015 жылы Қазақстанда Еуразия геронтология, гериатрия және қартаюға қарсы институт құрылады деп шешілді. Ал Президент ісі басқармасының медициналық орталығы ауруханасы қабырғасында Геронтология және қартаюға қарсы медицина ғылыми-зерттеу институты ашылған. Бүгінде Қазақстан – Геронтологтардың халықаралық ассоциациясының мүшесі, Еуразиялық геронтологиялық қоғамдық қозғалыстың көшбасшысы деп танылды.

Сондай-ақ...