Мегаполис. Астанадағы көше саудасы

Қазір Астана қаласының көшелерінде кәсіпкерліктің неше түріне арналған 650-ге жуық дүңгіршек бар. Оның басым көпшілігінде, дәлірек айтсақ 231-інде, жеміс-жидек және көкөніс өнімдері сатылады. 205 киоскі – фастфуд саудасына арналған. Жетпістен астам павильонда – азық-түлік сатылса, тағы соншасында гүл саудасы жүріп тұр. Ал қалғандарының иелері сусын, балмұздақ, газет-журнал, кәдесый және басқа да ұсақ-түйектерді сатумен айналысады. Сондай-ақ, етікшілер мен телефон жөндейтіндердің де жеке павильондары жұмыс істейді.

Сондай-ақ...