Отандық медицина. Менингит

Менингит - ми мен жұлынның жұмсақ қабығының зақымдануынан болатын асқынған инфекциялық кесел. Менингит ми-жұлын сұйықтығы, яғни ликвордағы қабыну процестерімен қабаттасып келеді. Бірнеше күннің ішінде дамиды. Көп жағдайда менингитке орталық жүйке жүйесі зақымдалған немесе бір кінәраты бар, иммунитеті әлсіз адамдар душар болады.  Ересектер арасында 20 жастан 30 жасқа дейінгі ер азаматтардың шалдығу қаупі жоғары. Мұндай жаста аталған дертке шалдығудың  басты себебі – түрлі қабыну ауруларына жете мән бермеу және оларды дұрыс емдемеу боп табылады.  5 жасқа дейінгі балалар да бұл дертке жиі шалдығатындар қатарында. Сондай-ақ өліммен аяқталатын жағдайлар өте көп. Бұл сырқатқа душар болған әрбір 20-шы бала көз жұмады. Қауіпті дерттен қорғау үшін балаларды вакциналау ұсынылады.

Сондай-ақ...