Қаржы. Теңгеде сақталатын депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендетілді

Елімізде 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендейді. Бұл - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шешімі. Депозиттер бойынша сыйақы мөлшерінің азаюы инфляция деңгейінің түсуімен байланысты. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген жоқ. Бұрынғы қалпында қала бермек. Ал, экономистер теңгеде сақталатын депозиттерге берілетін сыйақы көлемі өзгерсе, табысын төл валютада сақтайтындар азая ма деп алаңдаулы. Теңгеде табысты еселеудің қандай жолы бар? Мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.

Сондай-ақ...