Отандық медицина. Шашыраңқы склероз

Шашыраңқы склероз - созылмалы аутоиммундық сырқат. Бұл ауруға шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. Ауызекі тілде бұл кеселді «склероз» деп айтқанмен,  көп жағдайда мұны «егде жастағы жадының бұзылуы» деп атайды. «Шашыраңқы склероз» деген атаудың кәрілік кездегі «склерозға» да, зейіннің алаңдығына да еш қатысы жоқ. Бұл жағдайда «склероз» - «тыртық» дегенді, ал «шашыраңқы» - «көптік» мағынасын білдіреді. Себебі патологоанатомдық зерттеу кезінде бұл аурудың басты ерекшелігі - орталық жүйке жүйесі бойымен түгелдей шашыраған склероз ошағындағы сау жүйке талшығының дәнекерлеуші талшықпен алмастырылуы. Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы ерте ме, кеш пе науқасты мүгедек адамға айналдырады.

Сондай-ақ...