Отандық медицина. Халықаралық стандарттарға сай медицина

Астанада 2007 жылдан бері жаңа құрылғылармен жабдықталған және заманауи халықаралық стандарттарға сай келетін 20-ға жуық жаңа медициналық нысан бой көтерді. Мұндай техникалық база қаланың медицина саласына инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік берді. Соңғы кездері ашылған емханалардың кез келгені медицина мамандарының біліктілігімен, жаңа құрылғыларымен ерекшеленеді. Диагностика мен емдеудің халықаралық стандартқа сай 400-ге жуық әдістемесі енізілді. Медициналық кластер құрылып, оның аясында халықаралық маңызы бар медициналық қызметтің 6 заманауи орталығы қызмет ете бастады. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында медицина саласының қарқынды дамуы, қаладағы ғылыми-зерттеу орталықтарының көбеюі астанамызды аймақтық медициналық орталыққа айналдырды.

Сондай-ақ...