Талдау. Бурабайдың дамуы

Үздіксіз табыс көзі бола алатын сала бар. Өндіріс жеңіл не ауыр металлургиядан бөлек, көпшіліктің қатысуымен жүретін жүйе - туризм деп аталады. Мәселен, тек Түркияда шетелдік меймандарды күту саласында 2 млн жуық адам жүр екен. Түріктердің қонақжайлығы кедергісіз жұмыс істеп тұрған механизм сияқты. Бәрі уақытылы, орнымен. Үйренуге тұрарлық. Ал, елден шықпай, біз қайда демалып жүрміз?! Астаналықтар Бурабай дер. Сол Бурабайдың дамуы қалай екен деп Көкшеге біздің де жол түсіп қайтты.