Art Global. «Astana Musical» театры Францияда өнер көрсетті

2018 жылдың жазы «Astana Musical» театры үшін тарих бетіндегі ерекше күн. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақстандық ұжым, Франциядағы көнеден жалғасын тауып келе жатқан театр фестиваліне қатысты. Театр артистері франциялық қауымды жан-жақты қырымен таңдай қақтырды. Авиньон қаласына ат басын тіреген қазақстандық делегация көптің көзіне бірден түсті. Себебі бір ғана мюзиклде 45 өнер адамы өз өнерін көрсетпек.