Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Джек Ма холдинг басшысы қызметінен кетпек

Alibaba Group интернет-компаниясының негізін қалаған Джек Ма келер жылы холдинг басшысы қызметінен кетеді. «БиБиСидің» хабарлауынша, оның орнына Alibaba Group кәсіпорнының қазіргі атқарушы директоры Дэниэл Чжан жайғасады. 54 жастағы кәсіпкер компания акционерлері алдында өз шешімін осылай жария етті.