Үлкен спорт. Жарақаты асқынған Хенрик Зеттерберг спортпен қоштасуға мәжбүр

Жарақаты асқынған ҰХЛ жұлдызы Хенрик Зеттерберг спортпен қоштасуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «ИЭсПиЭн». Бұған дейін ардагер спортшының маусымның беташар ойындарына қатыспайтыны, мұзға кейін оралатыны хабарланған еді. «Детройт Ред Уингздің» шабуылшысының бұл шешімі туралы клубтың бас менеджері Кен Холланд мәлімдеді. Былтырғы маусымда 37 жастағы Зеттерберг тұрақты чемпионаттың 82 матчының барлығына қатысып, 11 шайба салды. Тағы 45 соққысы сәтті шықты. «Детройтпен» арадағы алты миллиондық келісімшарты үш маусымға жасалған екен.

Сондай-ақ...