Экономика. Қазан айына теңге бағамының болжамы

Қазақстан жаңалықтар:

- Келер жылдың басынан зейнетақы көлемі көбейеді;

- Жаздың соңғы айында ел азаматтарының шығын бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткен.

 

Әлем жаңалықтар:

- Илон Маск пен Марк Цукерберг бір күнде 3,5 млрд долларын жоғалтты.

 

Сараптама: Қазан айына теңге бағамының болжамы

Өткен айда теңгенің долларға шаққандағы курсы көп құбылды. Төл валютамыз күрт құнсызданып 380 теңге 83 тиынға дейін арзандады. Бұл 2016 жылдан бергі ең төменгі деңгей. Есіңізде болар, сол жылдың 21 қаңтарында төл ақшамыздың АҚШ валютасына шаққандағы бағамы 383 теңге 93 тиынға дейін құлдыраған. Алдағы қазан айында қаржы нарығы қандай болады?

Спикерлер: Ақпейісов А.- брокер; Жүмекенов Д. - инвестициялық компания бөлімшесінің директоры Алматы қ.; Қасжанов Ж. - инвестициялық компания бөлімшесінің директоры Астана қ.