Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Гонконгте баспана бағасы төмендеді

Гонконгте баспана бағасы 29 айдың ішінде алғаш рет төмендеді. «Рейтер» агенттігінің жазуынша, әлемдегі ең қымбат жылжымайтын мүлік нарығындағы бетбұрысқа АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы себеп болыпты. Жаңа пәтерлерді тапсыру ісі тездетіліп, ипотекалық несиенің мөлшерлемесі жоғары екендігін де ескеру керек. Осылайша екі жыл бойы мызғымай келген баға бірден құлдырады.