Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Испан ғалымдары ауыр науқастан айықтыру тәсілін тапты

Испан ғалымдары дің жасушаларын трансплантациялау арқылы иммунитет тапшылығынан зардап шеккен алты науқасты емдеп жазғанын жария етті. «Евроньюстің» хабарлауынша, Грегорио Мараньона атындағы мадридттік клиника мен барселониялық ЖИТС-ті зерттеу Институтының ғалымдары ауыр науқастан айықтыру тәсілін тапқан тәрізді. Олар жұлын мен кіндіктен алынған дің жасушаларын трансплантациялап, кеселге тойтарыс берген. Бүгінге дейін иммунды тапшылық дертіне шалдыққандар антиретровирусті терапия арқылы емделіп келген еді. Тың тәсілді қолдануға келісімін берген алты пациент бұрынғыша антиретровирусты препараттарды қабылдап жатыр. Бірақ ғалымдар олардың құлан-таза айыққанына сенімді.