Экономика. Астық жинау

Қазақстан жаңалықтары

- Қазақстанның шоғырландырылған бюджетінің табысы өткен 10 айда 9 трлн 150 млрд теңге болды. Бұл бюджеттің кіріс бөлігі жыл басынан бері 87,2 процентке орындалды деген сөз

- Қазақстанда жаһандық рейтингіде адам капиталын дамыту индексі бойынша 157 елдің арасынан 31 орынға жайғасты. Ал білім берудегі жетістіктері үшін тіпті 10-орынға дейін көтерілді

Сараптама

Жер емген шаруалар биыл мол астық жинады. Дәнді-дақылдар 23 млн тоннаға жуықтап бұрнағы жылы тіркелген рекордтық көрсеткішті қайталады. Аста-төк өнім алудың артында қандай еңбек жатыр? Биліктің дәнді-дақылға арналған алқаптарды арттыруына не себеп? (Жұмажанов С.- ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің сарапшысы; Шестакова Н.- С. Сейфуллин атындағы ҚАЗАТУ егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының доценті)