Қазақстанда бұл қалай жасалған? Шұжық өнімі

Шұжық немесе сосика - еліміздегі ең танымал тағам түрлерінің бірі. Оны кішкентай балалар да, үлкендер де үйде, табиғат аясында тіске басар немесе ыстық тағамға қосымша ингредиент ретінде пайдаланады. Бір кездері бір қасапшы, шағын шұжықтарды дайындай бастаған екен. Мұндағы мақсат оның бағасын халыққа қолжетімді ету болған. Мұндай маркетингтік қадам, шұжық өнімдерін дайындауда жаңа бағытқа жол ашты. Бұл тағам түрінің қалай дайындалатындығын бүгінгі бағдарламада айтамыз.