Шаршы метр. Астанада аяқсыз қалған үйлер жөндеу жұмыстарынан өтпек

Астанадағы проблемалық тұрғын үйлердің 3 мыңнан астам үлескері көптен күткен баспанасына қол жеткізетін болды. Аяқсыз қалған құрылысты несие қаржысы есебінен салып бітіру «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-не тапсырылды.  Мекеме «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында шаһардағы 28 проблемалық нысанның құрылысын жандандыру және аяқтау мақсатында құрылған болатын. Құрылыс, сәулет және жылжымайтын мүлік туралы ең өзекті мәліметтер «Шаршы метр» бағдарламасында.