Кемел қала. Қазақстанда «Go Sauda» онлайн сауда сервисі іске қосылады

Бүгінде шопинг заманауи интернет қолданушыларының жедел қарқынмен дамып келе жатқан онлайн-белсенділігіне айналып үлгерді. 2019 жылдың соңына қарай дүниежүзі бойынша интернет-дүкендердің сатылым көлемі 2 триллион АҚШ долларына жетуі тиіс. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 6 пайызға артық. Тұтынушылардың Интернет арқылы сауда жасауына түрткі болатын себептер де жеткілікті. Әлемдік үрдіс Қазақстанды да сырт айналып өтпеді. Елімізде көп кешікпей «Go Sauda» ірі онлайн сауда сервисі іске қосылмақ.