Үлкен спорт. Manchester United-тің бас жаттықтырушысы Уле Гуннар Сульшер алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

11 жыл бойы Manchester United шабуылшысы болған Уле Гуннар Сульшер мансабын аяқтағаннан кейін де сол жерде 3,5 жыл бойы бапкер болды. Енді бұрынғы ойыншы клубтың бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалып, алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. «Евроньюстің» хабарлауынша, ол бұл лауазымды өзіне көрсетілген «үлкен құрмет» деп бағалайтынын жеткізді.