Экономика | Жергілікті маңызы бар жолдар

Қазақстан жаңалықтар:

- Қазақстанда халық санағы өтеді. Бұл жолғы науқан электронды үлгіде ұйымдастырылмақ;

- Елордалық әкімдік Астананың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын бекітті. Бұл құжат шаһардағы транспорт, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен газдандыру мәселелерін де қамтиды;

- 2018 жылы елімізде іскерлік белсенділік артты. Кәсіпорындардың  өндірістік қуаты ұлғайып, негізгі капиталға тартылған инвестиция да қатар көбейген.

 

Әлем жаңалықтар   

- Венесуэладағы жылдық инфляцияның жиынтық мөлшері 1,7 млн процентке жетті;

- Халықаралық валюта қоры жариялаған келесі бір мәлімет мынадай. Қазір 3 млн-ға жуық украиналық өзге елдерде нәпақа тауып жүр.

 

Сараптама: 

Жергілікті маңыздағы жолдардың күтіміне енді жыл сайын 150 млрд теңге бөлінетін болады. Республикалық һәм жергілікті бюджеттен. Қазір ел ішіндегі әрбір үшінші шақырым жол тозған. Тіпті тас жол төселмеген аудандар да бар. Үкіметтегілер жағдай 2025 жылға дейін жақсарады деп отыр (дәйексөз: Назарбаев Нурсултан Абишевич- ҚР Президенті; спикер: Бармақов Сайранбек Солтанбекович ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары)