Үлкен спорт. Альваро Мората өз карьерасын енді мадридтік «Атлетикода» жалғастырмақ

Лондондық «Челсидің» шабуылшысы Альваро Мората өз карьерасын енді мадридтік «Атлетикода» жалғастырады. «Вашингтон Посттың» жазуынша, ойыншыны жалға алу туралы келісім келер маусымның соңына дейін жасалған. 2017 жылдың шілдесінде қыруар қаржы шығындап, мадридтік «Реалдан» 66 миллион еуроға сатып алған ойыншыдан «Челсидің» бас тартуына не себеп? Бір голға ойыншы 188 минутын жұмсайды екен. Әрі Альвароның гол салынар әдемі мезетті мүлт жіберіп алған сәттері де болды. Мысалы, желтоқсандағы кездесуден форвард «Фулхэмнің» бос тұрған қақпасына допты дәлдеп тебе алмай, масқараға ұшырады. Әріптестері талантты ойыншының бұл сәтсіздігін «ол мықты футболшы, бірақ өте нәзік», - деп бағалайды.