Әскер KZ. Әскерилерді тұрғын үймен қамту

Қорғаныс министрлігінде тұрғын үй заңнамасының жаңа талаптарын түсіндіру бойынша арнайы топ құрылды. Топ мүшелері аталған саладағы өзгерістерді түсіндірумен айналысады. Қазір Қазақстанда жаңа талаптар күшіне енді. Оған сай әр сарбаз бен сала ардагерінің баспаналы болуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі бағдарламамызда әскерилерді тұрғын үймен қамту мәселесі жайында айтамыз.