Экономика. Елімізде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы әзірленуде
«Ақыл жастан, асыл тастан». Екі апта бұрын Астанада Жастар жылына арналған басты шара өткен. Сол жиынды Президент осы нақыл сөзбен ашты. Кейінгі буынның көп бастамасы көңілінен шығатынын айтқан Елбасы, оларды қолдаудың нақты жолдарын ұсынды. Бірінші бағыт – кәсіпкерлік. Елбасы алдағы үш жылға арналған «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Оны жүзеге асыруға 32 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаға кімдер қатысады, талап қандай? Бүгінгі шолуымызда жауап бар.