Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Жапондар арасында заң бұзушылық жиілеп барады

Еңбекқор жапондардың қартайғанда заң бұзып, түрмеге түсуі жиілеп барады. Соңғы 20 жылда Күншығыс елінің қариялары жасаған ұсақ заңбұзушылықтар саны күрт көбейіпті. Бұл келеңсіз құбылысты BBC тілшісі Эд Батлер зерттеген екен. Журналист өз репортажында 69 жастағы Тосио Такатамен болған сұхбатты ұсынады. Қария кедейліктің шырмауына түскесін, түрмеде жан баққысы келгенін айтады.