Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Әлем ғалымдары Қытайдың адам мүшелерін трансплантациялауына қарсы шығуда

Әлем ғалымдары Қытайдың адам мүшелерін трансплантациялауына қарсы шығып отыр. Олардың сөзінше, бұл - этикалық талаптарға қайшы, деп жазады «Гардиан» газеті. Ғалымдардың халықаралық тобына Австралияның Маккуори Университетіндегі медициналық этика профессоры Венди Роджерс жетекшілік етіпті. Мамандар 2000 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта Қытайдағы жүрек, бауыр мен бүйректі ауыстыру операциялары жарияланған салалық журналдарды тексерген. Осылайша операция жұмыстарындағы олқылықтар анықталыпты. Мамандар донорлық мүшелердің Қытайда жазаға кесілген адамдардан алынуы мүмкін дейді. Мұны этикалық ережелердің өрескел бұзылуы деп санаған зерттеушілер 400-ден астам мақаланы тергеу керектігін ұсынады.