Экономика. Автонесиелендіру

Қазақстан жаңалықтары

- 2018 жылы қоданылатын банктік қарталар 15,4 процентке көбейіп, 11 млн 400 мыңға жетті

- Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда тұрғын-үйге қатысты 20 мыңнан астам сату-сатып алу туралы келісім жасалған. Бұл былтырға сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21,4 процентке көп

Әлем жаңалықтары

-          Қаңтар айында ОПЕК елдері мұнайдың тәуліктік өндірісін желтоқсанмен салыстырғанда 930 мың баррелге азайтты

Сараптама

Өткен бағдарламада отандық көлікке сұраныс артқанын айттық. Оған әсер еткен көп фактор болса, соның бірі қолжетімді автонесиелендіру бағдарламасы. Осы бағдаралама аясында бүгінге дейін 13 мыңнан астам қазақстандық темір тұлпар өз иесін тапқан. Жуырда, Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтік кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы «7-20-25»-тің негізінде тағы бір бағдарлама құруды ұсынды. Оған қажеттілік қандай? Жаңа құжатты әзірлеу жұмысы қазір қай деңгейде? (спикерлер: Мұсаинова Айжан - Қаржы институттарын бақылау жөніндегі басқарма басшысы; Сейпілов Ербол Нигиметоллаұлы - Қазақстан автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу жөніндегі директоры)