Экономика. Депозиттерге кепілдік беру
Қазақстан жаңалықтары
- Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы мобильді байланыс абоненттерінің саны 1,8 процентке азайып, 26 млн болды
- Ұлттық банк қандай жағдайда жеке тұлғалардан банк операциялары үшін комиссия алынбайтындығын мәлімдеді
- 2018 жылдың желтоқсанында зейнетақы активтері 22,7 процентке ұлғайып, 9 трлн 600 млрд теңгеге жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде бұл сома 7 трлн 800 млрд теңге болған. Ол кезде жылдық өсім 16,4 проценттен асқан
Сараптама
Қазақстандықтардың отандық банктердегі депозиті 8,5 трлн теңгеге жуықтады. Әрбір төртіншісі 5 млн теңгеге дейінгі жинақтар. Әрине, Ұлттық банк депозиттердің, соның ішінде төл валютадағы салымдардың артуына мүдделі. Бірақ, саланы өз ісіне салғырт қарайтын банктерден тазарту жұмысын әлі де жалғастырмақ. Демек, қазір жұмыс істеп тұрған 28 банктің тізімі әлі қысқаруы мүмкін. Солай бола қалған жағдайда, халықтың жинаған қаржысы қаншалықты қорғалады? (спикер: Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы)