Экономика. Импортты алмастыру

Қазақстан жаңалықтары

- Өткен жылы еліміздегі бөлшек сауда көлемі 13,8 процентке өсіп, 10 трлн 100 млрд теңгеге жетті

- Қазақстан Өзбекстанға жылына 2 млн тонна мұнай экспорттайтын болады

- АҚШ долларына деген сұраныс бәсеңдегендей. Өткен жылдың желтоқсанында валюта айырбастау пункттеріндегі доллардың саудасы 128 млрд теңгеден асты. Бұл қараша айындағы көрсеткіштен 19,4 процентке аз

Әлем жаңалықтары

- Әзербайжан мен Еуроодақ Түркіменстанға «Оңтүстік газ дәлізі» жобасына қосылуға ұсыныс тастады

Сараптама

Өзгенікін өзіміздікімен алмастыру. Иә, импорттық үлесті азайту деген осы. Біздің Үкімет жақын жылдары отандық сауда сөрелерінде самсап тұрған шетелдік тауарды 50 процентке азайтуды көздеп отыр. Біз осы саланың мамандарымен сұхбаттасып, нақты қай тауар түрлерін сырттан әкелу азаятындығын сұрадық. (спикерлер: Қыдырова Нәзира Муратқызы – ҚР ИИДМ индустриалдық даму жəне өнеркəсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы; Айғазин Жәнібек Жұмағұлұлы - Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры)