Экономика. Банктердің табысы

Қазақстан жаңалықтары

- Былтыр отандық әуе компаниялар 7 млн 900 мың жолаушы тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 500 мыңға көп және соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш

- Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры QazaqBanki салымшыларына тиесілі өтемақының 90 процентін қайтарды. Тізімде жеке тұлғалар ғана емес, кәсіпкерлер де бар

- Азаматтардың баспана мен құрылысқа алған несиелері өткен жылы 1 трлн 400 млрд теңгеге жетіп, 19 процент өсім көрсетті

Сараптама

Өткен жылы еліміздегі банктер 650 млрд теңге көлемінде таза табыс тапты. Жалпы соңғы үш жылда олардың кірісі 3 есе артқан. Сонымен қаржы институттары қорын қалай молайтып жатыр, сосын бірігу, ірілену екінші деңгейлі банктерге не берді? Бүгінгі талдауымызға осы тақырыпты таңдап алдық. (Мойсов Иван Борисович - ҚР ҰБ банктерді қадағалау департаменті директорының орынбасары; Нұғманов Әділжан Бауыржанұлы - банктер жөніндегі порталдың бас редакторы)