Кемел қала. «Электронды үкімет» порталының бүгіні

Бүгінде еліміздің әрбір екінші азаматы «Электронды үкімет» порталының қызметіне жүгінеді. Соңғы 10 жылда egov.kz сайтының қолданушылары 800 есе өскен. Мәселен, 2009 жылы пайдаланушылар саны 10960 адам болса, қазір бұл көрсеткіш 8,6 миллион адамға жеткен. Сонымен қатар ел азаматтары «Электронды үкімет» порталымен қоса, mGov чат-бот қосымшасын да белсенді түрде пайдалана бастады.