Драйв. Қазақстандық әуе тасымалдаушылар ұзақ қашықтықтарға жаңа рейстер ашпақ

2021 жылға қарай қазақстандық әуетасымалдаушылар ұзақ қашықтықтарға жаңа рейстер ашады. Атап айтсақ, отандастарымыз өз елімізден АҚШ пен Жапонияға тікелей ұшып бара алатын болады. Жауапты министрлік қазір тиісті келісімдер жасасып, құжаттарды әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, бұл мақсатта жаңа ұшақтар сатып алынады деп күтіліп отыр. Осы тақырып жайлы бүгінгі бағдарламада толығырақ тарқатамыз.