Агробизнес. «Ақылды сүт фермасы» жобасы

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін цифрландырып, іске жаңа технологияларды енгізу жұмыстары бастау алды. Содан бері мұндай жаңашылдық өсімдік шаруашылығында жүргізіліп жатқаны мәлім. Оған қоса, шетелдік әдістемелер мал шаруашылығында да баршылық. Мәселен, қазір елімізде «Ақылды сүт-тауарлық ферма» бар. Біз бүгінгі бағдарламамызда аз уақыттың ішінде жақсы нәтиже көрсеткен дәл осы тың жоба жайлы айтатын боламыз.