Драйв. Астана-Бурабай бағытында электр қуаттау бекеттері іске қосылмақ

Осыдан бірер жыл бұрынғы «Драйв» бағдарламасының шығарылымында Астана мен Алматы қалаларында 100-ден астам электр қуаттау бекеттері қойылатынын айтқан едік. Бүгінде 70 қуаттау станциясы екі шаһарда орнатылды. Биыл Астана-Бурабай бағытында тағы осындай құрылғылар орнатылады деп күтіледі. Бұл іс қалай жүзеге асатыны жөнінде толығырақ баяндаймыз.