Үлкен спорт. 15 жастағы миллионер, теннисші Кори Гауфф

15 жастағы миллионер. Теннистің болашақ жұлдызы Кори Гауфф туралы не білеміз? Forbes басылымының жазуынша, қазір ол өз замандастары секілді мектепте білім алып, емтиханға дайындалып жатыр. 15 жастағы америкалық қыз «Коко» деген лақап атпен танымал. Тәп-тәуір теннис ойнап жүрген Кори Гауффтың қалталы демеушілері де жетіп артылады. Жуырда ол паста мен соус шығаратын италиялық Barilla Group компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Бойжеткен мұнымен шектелмей, New Balance пен Head Head-пен де келісімге келген, деп жазады Forbes.