Экономика. Мемлекеттік сатып алу жүйесі
Қазақстан жаңалықтары
- Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауылшаруашылығы өнімдері тұқымының бірыңғай нарығы құрылды
- Қаңтар айында Қазақстаннан шетелге аударылған ақша 40 млрд теңгеге жуықтаған, бұл былтырғыдан 6 процентке көп
- Қазақстанда еуроға сұраныс артты. Бір айда ел азаматтары 15 млрд теңгеге кәрі құрлықтың валютасын сатып алған
Әлем жаңалықтары
- Сары жейделілердің ереуілінен Францияға 170 млн еуро көлемінде шығын келді
Сараптама
Қарағанды облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу саласында жасалған 195 келісімді бұзу туралы өтініш келіп түскен. Бұл былтырғыдан 2 есе көп. Бір ғана Қарағанды емес, ел бойынша тендерге аты бар, заты жоқ компаниялардың таласып, тіпті байқаудан жеңіп шыққан кездері тіркелген. Қазір осындай алаяқтардың жолын кесіп, мемлекеттік сатып алу процестерін мейлінше ашық әрі жариялы етудің қам-қарекеті жасалып жатыр. (спикерлер: Біржанов Дархан Аманұлы - Электрондық қаржы орталығы басқарма төрағасының орынбасары; Сабырбаев Данияр Бауыржанұлы - ҚР МҚІСЖҚК Агенттігі жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры)