Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Дональд Трамп NASA-дан америкалықтарды Айға ұшыруды талап етуде

АҚШ Президенті Дональд Трамп NASA-дан қайткен күнде де 2024 жылға дейін америкалықтарды Айға ұшыруды талап етіп отыр. Бұл туралы АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс твиттерде жазды. The New York Times-тың жазуынша, бұл пәрменнен бас тарта алмаған NASA басшысының келісуден басқа амалы болмапты.