Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Оңтүстік Корея 5G желісін әлемде бірінші болып іске қосты

Оңтүстік Корея 5G желісін әлемде бірінші болып іске қосты. «Рейтер» агенттігінің жазуынша, смартфондар кеңінен қолданылатын бұл мемлекет қазір 5G нарығында Қытай, АҚШ және Жапониямен бәсекеге түсіп отыр. Жаңа технологияның арқасында билік экономикалық өсім күшейіп, ақылды қалалар мен автономды көлік секілді салалардың қарқынмен ілгерілейтініне сенеді, деп жазады мақала авторы Джу Мин Парк.