Олимп І Жеңіл атлетика

Уақыт жүйрік қой шіркін. Токиодағы олимпиаданың басталуына, міне, бір жылға жетер-жетпес қана уақыт қалыпты және төрткүл дүние спортшылары қазір оның жолдамасып алып қалу үшін жанталасып жатыр. Ал, енді біздің спортшылардың жағдайы қалай? Бөлінген қаржы жеткілікті ме? Дайыныққа қажеттінің бәрі бар ма? Көкейде жүрген осы және өзге де сауалдарға жауап алу үшін Шығыс Қазақстан облысына қарай тартып, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде болдық. Олимпиада чемпионынын да сөзге тарттық.